Ресеймен қатынастар жұмсарып келеді

Вице-премьер мәлімдеме жасады.

519129
Ресеймен қатынастар жұмсарып келеді

Вице-премьер Нуман Куртулмуш виза жеңілдігі және Түркия мен Ресей қатынастарына байланысты мәлімдеме жасады.

Нуман Куртулмуш Чанкая сарайында премьер-министр Бинали Йылдырым басшылығында өткен министрлер кабинеті жиналысы барысында журналистердің сұрақтарынап жауап берді. Куртулмуш Түркияның Еуропа Одағымен келісілген кері қайтару келісімінің жауапкершіліктеріне бағынған бір ел ретінде виза жеңілдігін күтетіндерін,  келісілген қадамдардың басылуы үшін үдерістің басталуы керектігін айтты.

Ресеймен қатынастарға да тоқталған Куртулмуш Түркия мен Ресей қатынастарында жұмсару үдерісінің жылдамдағанын айтты.

Куртулмуш жұмсару үдерісінің әсіресе президент Ердоған, премьер-министр Йылдырым және Сыртқы істер министрі Чавушоғлуның Ресей күніне орай Ресей президенті Путинге хат жолдауынан кейін жылдамдағанын айтты.

Вице-премьер Ресейде жұмыс істейтін кейбір түрік компанияларына,  түрік азаматтарына жұмыс беру лицензияларының қайтадан берілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар