Түрік қарулы күштері террор ұйымдарына операция жасады

Түрік қарулы күштері ел көлемінде және шетелдегі операцияларын жалғастырды.

516388
Түрік қарулы күштері террор ұйымдарына операция жасады

Түрік қарулы күштері террор ұйымы ПКК-ға бағытталған ел көлемінде және шекарадан тыс әуе операциялары жасады.

Кеше кешкі уақытта Диярбакырдың Лиже ауданы ауылдық аймағына жасалған әуе операциясында ПКК-лық террористтер паналаған баспаналар жойылды.

Әуе операциясы нәтижесінде жойылған баспаналарда тінту жұмыстары жалғасуда.

Түн ішінде болса Ирактың солтүстігіндегі Синат, Хафтанин және Метина аймақтарына шекарадан тыс операция жасалды.

Операцияда баспана және бақылау бекеті екені анықталған 5 нысана жойылды.

Сирияның солтүстігінде Түркияға шабуылға дайындалғаны анықталған және араларында Катюша, пулемет және ауыр қару бекіністері бар нысаналарды атқылады.

Гаубицалардың нысаналарға шабуылына коалиция күштері де қолдау берді.

Операция барысында аталмыш нысаналарға қоса, бір қорғаныс бекінісі де жойылды. Алғашқы мағлұматтарға қараған операцияда ДАИШ-ке мүше 8 террорист өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар