Түрік соғыс ұшақтары террор ұйымдарына тиесілі 35 нысананы жойды

Түрік қарулы күштері ел көлемінде және шекарадан тыс әуе операциясы жасады.

515859
Түрік соғыс ұшақтары террор ұйымдарына тиесілі 35 нысананы жойды

Түрік қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі Зап және Метина аймақтары мен Диярбакырдың Лидже және Хаккаридің Шемдинли аудандарының ауылдық аймақтарына әуе операциясы жасады.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда, кеше Әуе күштері қолбасшылығына қарасты соғыс ұшақтарымен жасалған операцияда террористтерге тиесілі баспана, үңгір және қару-жарақ қоймалары бар 15 нысана жойылды.

Басқа жағынан кеше 16.00-16.16 арасында Диярбакырдың Лиже ауданы ауылдық аймағына, 19.45-20.05 арасында Хаккаридің Шемдинли ауданы ауылдық аймағына әуе операциясы жасалды.

Әуе күштері қолбасшылығына қарасты соғыс ұшақтарымен жасалған операциямен бөлшектеуші террор ұйымына тиесілі баспана мен қару қоймалары бар 20 нысана жойылды.



Ұқсас жаңалықтар