Мардиннің Нусайбин ауданы мен Шырнактағы операциялар аяқталды

Операцияларда қазірге дейін 498 террорист өлтірілді, 240 баррикада қиратылды, 39 ор жабылды.

503773
Мардиннің Нусайбин ауданы мен Шырнактағы операциялар аяқталды

Мардиннің Нусайбин ауданында және Шырнакта террор ұйымы ПКК-ға бағытталған операциялар аяқталды.

Нусайбинде ПКК-лық террористтер қазған орларды жабу, құрылған баррикадаларды қирату, тұзақталған жарылғыштарды жою және мемлекеттік тәртіп орнату мақсатты 14 наурыз күні жарияланған коменданттық сағаттың артынан басталған және кеше аяқталған операцияларда террор ұйымына ауыр соққы енгізілді.

Түрік қарулы күштері және полицияның қатысуымен жүзеге асқан операцияларда террор ұйымының үрейі рациялардағы әңгімелермен ортаға шықты.

Бір әңгімеде террористтердің тығыз қақтығыс болып жатқаны хабарланған соң «Агит» лақапты террористтің «өртеп қашыңдар» тапсырмасы естілді. Тағы бір әңгімеде болса террорист топқа қашу тақырыбында ескерту жасалды.

Операциялар барысында Нусайбинге жауапкерлердің бірі «Кава» лақапты Вейси Акгүн атты  террорист 23 мамыр күні өлтірілді.

Ұйымның бас жауаптысы «Хебеткар-Каркер» лақапты Замани Чамак болса 30 мамыр күні өлтірілген болатын.

32 бөлек қылмыстық ісі тіркелген Чамак 2012 жылдан бері Мардин уәлаяты арнайы топ жауаптысы ретінде жұмыс істеді және 2016 жылы қаңтар айынан бері Нусайбинде бөлшектеуші террор ұйымының жауаптысы болды.

Берілген террористтердің жауаптысы «Азад» лақапты террористтің табыссыз болғаны себепті басқа террористтер тарапынан өлтірілгені ортаға шықты.

Террор ұйымы мүшелеріне қашқандары үйлерді өртеуге тапсырма берген «Агит» лақапты террористтің де өлтірілгені мәлімденді.

Шырнак орталығында болса ПКК террор ұйымына бағытталған 14 наурыз күні басталған операциялар аяқталды.

Операцияларда қазірге дейін 498 террорист өлтірілді, 240 баррикада қиратылды, 39 ор жабылды. Шамамен 50 тонналық барлығы мың 539 қолдан жасалған жарылғыш жойылды және 4 мың 131 үй тексерілді.

Операцияларда қазірге дейін 10 әскер, 9 полиция қызметкері, 1 қарауыл барлығы 20 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды және 2 жазықсыз адам қаза тапты.

Жолға орналастырылу ықтималы болған бомбаларды іздестіру мақсатты коменданттық сағаттың қысқа уақытқа күшінде қалатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар