Ван мен Шырнакта 3 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды

Диярбакырда террористтер жандармерия бөлімшесіне шабуылдады.

500214
Ван мен Шырнакта 3 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды

Террор ұйымының шабуылдарында 3 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды.

Ванда террор ұйымы ПКК-лық террористтердің жолға орналастырған қолдан жасалған бомбаның жарылуы нәтижесінде 2 полиция шәйіт болды, 1 полиция қызметкері жарақат алды. Жаралы полиция ауруханаға жеткізілді.

Көптеген сауытты көлік жіберілген аймақта ауқымды операция басталды.

Шырнакта болса террористтердің шабуылында бір әскер шәйіт болды.

Шырнакта ПКК террор ұйымы мүшесі террористтер тарапынан жасалған шабуылда бір әскер шәйіт болды.

Улудере ауданында Солтүстік Ирак шекарасындағы Канимаси әскери базасына ұзақ атымды қарулармен шабуылдаған террористтермен шыққан қақтығыста ауыр жарақат алған әскер ауруханада шәйіт болды.

Диябакырдың Кулп ауданында болса Зейрек жандармерия бөлімшесіне бомбалы көлікпен шабуылдағысы келген ПКК-лық террористтер мен қарауылдар арасында қақтығыс шықты.

Террористтер сол кезде бомба орналастырған көлікті жарды.

Жарылыста 5 қарауыл мен 1 жазықсыз адам да жеңіл жарақат алды. Қақтығыста 1 террорист қолға түсті.

Қашқан террористтерді ұстау үшін операция басталды.



Ұқсас жаңалықтар