Бүкіләлемдік гуманитарлық саммит аяқталды

Саммиттің соңғы күнінде президент Режеп Тайып Ердоған баяндама жасады.

497334
Бүкіләлемдік гуманитарлық саммит аяқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған әлемде миллиондаған адамның кедейлік және ашаршылықпен өмір сүргенін мұның әділ емес екенін атап айтты.

Ердоған Стамбұлда ұйымдастырылған Бүкіләлемдік гуманитарлық саммитінің жабылу бағдарламасында баяндама жасап, соңғы екі күннің ішіндегі кездесулерде өте табысты кездесулер өткенін, маңызды шешімдер қабылдағанын атап айтты.

Саммитте гуманитарлық салада бетпе-бет қалғандары қиыншылықтар, сынақтар және бұлардың шешім жолдарын табыла алатынын атап айтқан Ердоған бұл саммит үшін жолға шыққан кезде гуманитарлық мәселелердің шешімінде адам мен адам абыройын негізге алған бір ұстаныммен қозғалу керектігін еске салды.

Адамдардың жағдайын қорғаудың, қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуді, болашаққа үмітпен қарауларын қамдау үшін ортақ мақсаттар мен ақылақтық жауапкершілігі бар екенін тілге тиек еткендерін атап көрсеткен Ердоған саммит бойынша көптеген ел мен мекеменің, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның ұсынған гуманитарлық күн тәртібі аясында нақты уәделер берілгенін білдірді.

Әлемнің әртүрлі жерінде, тіпті бірдей жерінде адамдардың әртүрлі қауіпсіздік және тіршілік стандарттарына ие екенін атап айтқан президент «Бір жақтан люкс, ысырап пен көзтартарлық бар кезде дәл қасында миллиондаған адамның кедейлік және ашаршылық ішінде өмір сүруге тырысқанын көреміз. Бұл әділ дүние емес. Көз алдымыздағы бұл әділетсіздікке халықаралық қоғамның, ұждан иесі елдердің үнсіз қалмауы керек. Бүкіләлемдік гуманитарлық саммиттің бұл тақырыпта негізгі түсінігінің өзгеруін тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар