Әділет және даму партиясының төраға үміткері сайланды

Әділет және даму партиясының орталық атқару комитет жиналысы аяқталды.

493945
Әділет және даму партиясының төраға үміткері сайланды

Әділет және даму партиясының орталық атқару комитет жиналысы аяқталды.

Партия мәлімдемешісі Өмер Челик партияның жаңа төраға үміткерінің Измир депутаты Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Бинали Йылдырым екенін жариялады.

Партия орталығында баспасөзге жабық өткен және 22 мамыр жексенбі күні өткізілетін Әділет және даму партиясы 2-ші Кезектен тыс құрылтайында партия төрағасы ретінде көрсетілетін үміткер анықталған жиналыс шамамен 50 минутқа жалғасты.

Жиналыстың артынан партияның төраға орынбасары және мәлімдемешісі Өмер Челик баспасөз өкілдеріне «Өте қадірлі досымыз көпшіліктің қолдауымен Измир депутатымыз, Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Бинали Йылдырым төрағалыққа үміткер ретінде сайланды» деді.

Бинали Йылдырым партия мүшелеріне алғыс үшін сөз алып, «Құрушыларының бірі болғаным үшін мақтағаным Әділет және даму партиясының төраға үміткерлігіне лайық көргеніңіз мен үшін ең үлкен бақыт, абырой. Сондай-ақ өте үлкен жауапкершілік» деді.

Йылдырым жаңа кезең үшін террормен күрес тақырыбына тоқталды.

Бинали Йылдырым «Ұлтым тыныш болсын, осы террор бәлесін Түркияның күн тәртібінен шығаратын боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар