Түркия Идлибте жазықсыз адамдарға жасалған шабуылды айыптады

Түркия Сирияның Идлиб қаласында жазықсыз адамдарға жасалған шабуылды айыптады.

488528
Түркия Идлибте жазықсыз адамдарға жасалған шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі интернет парақшасынан жасалған мәлімдемеде Бинниш ауданында бір базарға режим күштеріне тиесілі ұшақпен жасалған әуе шабуылын қатаң түрде айыптағанын білдірді.

Сирия режимінің Ресей мен жақтастарынан алған қолдаумен адамзатқа қарсы жасаған қылмыстарының жалғасқаны атап көрсетілген мәлімдемеде «АҚШ пен Ресейдің Сириядағы қақтығыстарды тоқтату келісімі Халепті қамтитындай қайтадан реттеу келісімі жасалғаны мәлімдемесінің дәл артынан жүзеге асты. Жазықсыз адамдарды нысанаға алған бұл аяусыз шабуыл іске асырыла алмаған келісімдер алдында режимді ынталандырады» делінді.

Асад режиміне тиесілі бір соғыс ұшағы кеше Идлибтің Бинниш ауданында бір базарға жасалған әуе шабуылында араларында әйел мен балалар да бар 10 жазықсыз адам қаза тауып, 25 жазықсыз адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар