Ердоған БҰҰ-дағы әділетсіздікті сынады

Президент Ердоған Стамбулда Халықаралық Жоғары әкімшілік соты одақтары құрылтайының қонағасына қатысты.

485507
Ердоған БҰҰ-дағы әділетсіздікті сынады

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрылымындағы әділетсіздікке назар аударып,  босқындардың қайғылы трагедиясы алдында жаһандық әділетті орнатуға жауапты мекемелердің тұйыққа тірелгенін айтты.

Президент Ердоған Стамбулда Долмабахче сарайында Халықаралық Жоғары әкімшілік соты одақтары құрылтайының қонағасына қатысты.

«Түркия ретінде қазірге дейін теңіздерден жинаған босқын саны 110 мыңға жетті» деген президент: «Адам баласының ұжданын қанатқан, қанату керек осы қайғылы көрініске қарамастан жаһандық әділетті орнатуға жауапты мекемелер тұйыққа тірелген. Мүдделері адам өмірінің алдына шығып кеткен.  сондықтан біз «әлем 5-тен үлкен» деп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі құрылымындағы әділетсіздікке назар аударамыз» деді.

Президент Ердоған «Әділет шеңбері байырғы мемлекеттілік түсінігімізбен бірге басқару және саясатымыздың да жол көрсетушісі» деп, былай деді: «Осы түсінікпен 2002 жылдан бері жүзеге асырылған реформалардың әлеуметтік, саяси,  экономикалық реттеулердің барлығында әділеттілікті бақылаумен болды.  Алайда әділетсіздіктерді жоюдың алдына өкінішке орай әрбір сатыда бір кедергі шықты. осы кедергілердің бірі – террор. Бөлшектеуші террор ұйымы әсіресе шығыс және оңтүстік шығыс аймағындағы инфрақұрылым инвестицияларымызды бүлдіру үшін қолынан келгенді істеуде»



Ұқсас жаңалықтар