Түркияда үкімет ауысады

Давутоғлу қайтадан кандидат болмайтынын жариялады.

Түркияда үкімет ауысады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Әділет және даму партиясының 22 мамыр күні өтетін Кезектен тыс құрылтайында төрағалыққа қайтадан кандидат болмайтынын мәлімдеді.

Партиясының Орталық шешім комитеті жиналысынан кейін баспасөз өкілдерінің алдына шыққан премьер-министр осы шешімді қабылдауда сәтсіздік немесе өкініш сезімдерінің ықпалды болмағанын айтты.

Давутоғлу «Біздің кезеңдер – табысқа толы кезеңдер.  Менің осы шешімді қабылдауда ешбір сәтсіздік сезімі немесе істеген ісіме деген өкініш ықпалды болмады. Міндетімді лайықты түрде және абыройыммен атқардым» деді.

Ахмет Давутоғлу 22 мамыр күнгі Кезектен тыс құрылтайдан кейін жұмысын Әділет және даму партиясының депутаты ретінде жалғастыратынын айтты.

Давутоғлу «Президенттің абыройы әрі Түркия Республикасы мемлекетінің басшысы ретінде,  әрі менің күрестегі жолдасым ретінде менің де абыройым. Оның отбасының абыройы - менің отбасымның абыройы. Оның отбасы – менің отбасым» деді.



Ұқсас жаңалықтар