Ердоған президенттік сарайда «25-ші ауыл басшылары жиналысын» өткізді

Президент Ердоған күн тәртібін бағалады.

484172
Ердоған президенттік сарайда «25-ші ауыл басшылары жиналысын» өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның жеріне және азаматтарына бағытталған ешбір шабуылдың жауапсыз қалдырылмағанын және бұдан кейінде қалдырылмайтынын мәлімдеді.

Ердоған президенттік сарайда «25-ші ауыл басшылары жиналысын» өткізді.

Баяндамасында Килиске ДАИШ террор ұйымының Сириядағы қорғандарынан зымыран атылуына қатаң наразылық көрсеткен Ердоған бұл ұйымға бағытталған соңғы операцияларды еске салды.

Ердоған «ДАИШ Килиске жасаған мұндай шабуылдар алдында ең үлкен шығынға жасалған операцияларда ұшырады және бұл ұстанымын жалғастырған жағдайда одан көп шығынға ұшырайтын болады. Террор ұйымдарының елімізге бағытталған бұзақылықтарының арғы жағындағы ниетті біз жақсы білеміз. Мынаны барша жақсы білсін, табысқа жете алмайды» деді.

Президент Ердоған қолсұғылмаушылық  жайлы атазаңы өзгерісі ұсынысының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі келіссөздеріне де тоқталды.

Ердоған «Қолсұғылмау құқының келіссөздерінде террор ұйымының ұранын айтып, өзіне депутат дегендерді батырдай көрсеткен медиа мекемелерінің де кімдердің қуыршағы екенін білеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар