Түрік қарулы күштері ДАИШ-тің қорғандарын жойды

Сириядан Килиске 4 зымыран атуының артынан басталған қарсы шабуылда 13 террорист өлтірілді.

483778
Түрік қарулы күштері ДАИШ-тің қорғандарын жойды

Сириядан Килис қала орталығына азанғы уақытта 2 зымыран оғы құлады.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда қаза тапқан немесе жарақат алған болмады.

Зымырандардың бірі Килис қалалық ауылшаруашылығы басқармасының ауласына құласа, екіншісі Ауылшаруашылығы фермалары аймақтық дирекциясына қарасты тұрғын үйлердің ауласына құлады.

Аулада бағылған жануарлар зымыран шабуылында өлді.

Басқа жағынан ДАИШ террор ұйымының кеше түнгі уақытта Сириядан Килиске 4 зымыран атуына қарсы шабуыл жасалып, 13 террорист өлтірілді.

Қауіпсіздік көздеріне қарағанда Килис Шекара бөлімшесі бақылауындағы аймаққа атылған 4 зымыран бөлімшенің маңындағы тегіс алаңға құлады.

Аймақтағы нысана анықтау радарлары арқылы зымырандар атылған Туркуман Барик аймағындағы ДАИШ қорғандары анықталды.

Шекарада қоныстанған Фыртына зеңбіректері және көп тұмсықты зымыран қағарлармен қарсы шабуыл нәтижесінде ДАИШ-ке мүше 13 террорист өлтірілді. Көптеген террористтің де жарақат алғаны білдірілді.

Шабуыл кезінде екеуі Дочка тасыған көлік пен аталмыш аймақта анықталған 3 зеңбірек орны толық жойылды.



Ұқсас жаңалықтар