Давутоғлу қажет жағдайда түрік әскеріні Сирияға жіберілетіндерін мәлімдеді

Премьер-министр Түркияның мәжбүр қалған жағдайда әскери жасақтарын жібере алатынын білдірді.

Давутоғлу қажет жағдайда түрік әскеріні Сирияға жіберілетіндерін мәлімдеді

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу «Өзімізді қорғау үшін әрі Түркия ішінде, әрі сыртта әртүрлі шараны қабылдауға дайынбыз» деді.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу орталығы Катардағы Әл-Жазира телеарнасында сириялық босқындардың мәселелері, ПКК террор ұйымымен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Түркияның босқындарға жұмсалған шығынның 3-4 пайызынан басқа ешбір елден жәрдем алмағанын атап айтқан премьер-министр Давутоғлу сириялық босқындардың Еуроодаққа қарсы қолданылғаны жайлы сындарға жауап қайтарып «Еуропалықтар біздің не істеп жатқанымызды жақсы біледі. Сондықтан босқын мәселесін оларға қарсы қолданбаймыз. Бірақ босқындар Еуропаға өтіп сол жерде дағдарысқа себеп болатын болса, Еуропамен бірге бұл дағдарысты шешуге тиістіміз» деді.

Сирия тақырыбында «Құрлық күштеріңізді Сирияға жіберуді ойлайсыз ба? Түркия әрқашан Сирияда қауіпсіз бір аймақты қалайтын еді!» деген сұраққа «Құрлық күштері жағдай қиындағанда жіберіледі. Өзімізді қорғау үшін әрі Түркия ішінде, әрі сыртта әртүрлі шараны қабылдауға дайынбыз» деп жауап қайтарды.

Давутоғлу «Асадтың заңдылығы ешқандай қабылданбайды. Өйткені ол қазірде халқын қыруда. 3 миллион сириялықты Түркияға қоныс аударуға мәжбүрледі. Сондықтан мұндай бір үкіметтің заңдылығын қабылдау мүмкін емес» деді.

Сұхбатында ПКК террор ұйымының қару тастау және террор оқиғаларынан бастарту жөніндегі уәделерін орындамағанын да атап көрсеткен Давутоғлу террормен күрестің соңына дейін жалғасатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар