Виза шартын жою жөніндегі шешім Ресми газетте жарияланды

Шешім Министрлер Кеңесі тарапынан қабылданды.

483135
Виза шартын жою жөніндегі шешім Ресми газетте жарияланды

Еуроодақ мүшесі елдердің азаматтарынан Түркия талап еткен виза шартын жою жөніндегі шешім Ресми газетте жарияланды.

Шешім Еуроодақ түрік азаматтарына Шенген аймағында визасыз еркін айналымды қамтамасыз еткен күннен бастап іске қосылады.

Босқын дағдарысында Түркияның қолдауын сұраған Еуроодақ түрік азаматтарына виза жеңілдігі тақырыбында наурыз айында Түркиямен келісімге келген болатын.

Бірақ Еуроодақ виза жеңілдігі үшін Түркияға 72 баптан тұратын шарттарын ұсынып, толығымен орындалуын талап етуде.

Еуроодақ министрі Волкан Бозкыр ережелердің толығымен осы апта орындалатынын атап көрсеткен болатын.

Түркия-Еуроодақ виза еркіндігі келісімі Еуроодақ елдерін түгел қамтымайды.

Дания, Ұлыбритания және Ирландия виза еркіндігі келісімінен тыс қалдырылған елдер.



Ұқсас жаңалықтар