Түрік қарулы күштері Сириядағы ДАИШ нысаналарын атқылады

Бас Штаб Басқармасы ДАИШ-тік 13 террористтің өлтірілгенін мәлімдеді.

479131
Түрік қарулы күштері Сириядағы ДАИШ нысаналарын атқылады

Бас Штаб Басқармасы кеше Халебтің солтүстік шекарасына 12, Килиске 26 шақырым қашықтықтағы Дувайбик аймағында ДАИШ террор ұйымына тиесілі екі зымыран құрылғысы мен бұл құрылғыларға жуық 3 қабатты бір ғимаратты «Фыртына» атты зеңбіректермен жойылғанын мәлімдеді.

Жасалған мәлімдемеде ғимараттағы 13 террористтің өлтірілгені, 7 террористтің болса жарақат алғанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде ғимараттың астынғы қабаттарындағы 150-ге жуық Катюша зымыранының да жойылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар