Сыртқы істер министрі Қытайда

Чавушоғлу Қытайда Сыртқы істер министрі Ван Имен бас қосты.

479236
Сыртқы істер министрі Қытайда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Азия Ынтымақтастық және сенім арттыратын шаралар конференциясының Сыртқы істер министрлерінің 5-ші жиналысына қатысу мақсатымен Қытайға барды.

Чавушоғлу Қытайда Сыртқы істер министрі Ван Имен бас қосты.

Кездесуде террормен күресте ынтымақтастық тақырыбында көзқарас алмасылды.

Министр Чавушоғлу Түркияның шетелдік террорист жауынгерлер және адам саудасының алдын алу тақырыбында басқан қадамдарын Ванға баяндады.  Ван да Түркияда болған террор лаңкестіктері себебімен көңіл айтты.

Едирне-Карс теміржолы, үшінші атом стансасының құрылысы секілді ортақ жобалар және экономикалық ынтымақтастықтар жөнінде сөз қозғалды.

Чавушоғлу мен Ван Түркияға келетін қытайлық туристердің санының арттырылуы керектігін де атап өтті.

Чавушоғлу Ванды Түркияға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар