Измит шығанағының екі жағасы бірлесті

Басшылар Измит шығанағы аспалы көпірінің соңғы шегесін қақты.

475776
Измит шығанағының екі жағасы бірлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған, премьер-министр Ахмет Давутоғлу және Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Бинали Йылдырым Измит шығанағы аспалы көпірінің соңғы шегесін қақты.

Ердоған Стамбул-Бурса-Измит автожолы жобасының ең ірі сатысын қалыптастыратын Измит шығанағы көпірінің есімін Осман Ғази көпірі болатынын айтты.

Осында сөз сөйлеген президент Ердоған: «Измит шығанағы көпірінің жалғасы болатын автожол 9 миллиард долларлық жоба Стамбул-Измит автожолының қызметке кірген бірінші бөлімін қалыптастырады. Биыл 20 километрлік бөлімі қызметке ашылатын жол 2018 жылы толығымен аяқталады» деді.

Аталмыш автожол Түркияның 2023 жобалары арасындағы бірінші аяқталатындар қатарында.

Көпір келесі ай ашылады. Ұзындығы 2 мың 682, биіктігі 252, ені болса 36 метр.

Осы көпір арқылы Стамбул қаласынан Бурсаға бару 45 минут болады.

Президент Ердоған автожол жобасының басқа бір бөлшегі Бурса –Измит туннелін де қызметке ашты.



Ұқсас жаңалықтар