Бүкіләлемдік Гуманитарлық саммит

Cаммит 23-24 мамыр күндерінде Стамбулда болады.

474642
Бүкіләлемдік Гуманитарлық саммит

Бүкіләлемдік Гуманитарлық саммит 23-24 мамыр күндерінде Стамбулда болады.

Түркия гуманитарлық салада тәжірибелері мен әлемге үлгі болған істерін осы саммитте бөліседі.

Тарихта бірінші рет өтетін Бүкіләлемдік гуманитарлық саммит қазіргі жаһандық гуманитарлық жүйенің алдындағы проблемаларға шешім ұсыныстарының жетілдірілуі мен, гуманитарлық көмек істерінің болашағын реттеуді мақсат етеді.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун саммиттің «бір шарадан да маңызды» екенін, осында гуманитарлық көмектің және жедел жәрдемнің қалай жасалатынын және мұқтаж адамдарға қолжетімді жұмыстардың қарастырылатынын айтты.

Саммитке түрлі елдерден 5 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге көптеген елдің мемлекет басшысы, өкілдерімен бірге халықаралық ұйымдар, азаматтық ұйымдар, Халықаралық Қызыл крест өкілдері келеді.

Түркияда болатын саммитті сыртқы істер министрлігі ұйымдастыруда.

Министрлікке Түрік Қызылайымен бірге Премьер-министрлік жанындағы Апат және төтенше жағдай басқармасы, Түрік ынтымақтастық және координация басқармасы да қолдау береді.

Саммит аясында «Гуманитарлық салада шара», «қорғансыздықты азайту және риск басқару», «Инновация арқылы бетбұрыс» сынды отырыстар өтеді.



Ұқсас жаңалықтар