Ван қаласында 1 полиция шәйіт болды

ПКК террор ұйымы мүшелеріне бағытталған операцияда 1 полиция қызметкері де жарақат алды.

473498
Ван қаласында 1 полиция шәйіт болды

Ванда бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-лық террористтерге бағытталған операцияда шыққан қақтығыста 1 полиция қызметкері шәйіт болды, 1 полиция жарақат алды.

Хабарлау түскен аймаққа барған Қалалық полиция дирекциясы жасақтары бір үйге операция бастады.

Шыққан қақтығыста 2 полиция жарақат алды.

Ауруханаға жеткізілген жаралы полициялардың бірі шәйіт болды.

Операцияда 1 террорист өлтірілді, 1 террорист жаралы ұсталды.

Басқа жағынан Мардин Нусайбин ауданында террористтермен шыққан қақтығыста жарақат алған және ГАТА-да емделіп жатқан арнайы жасақ полициясы шәйіт болды.

1 сәуір күнінен бері ГАТА-да ем қабылдап жатқан арнайы жасақ полициясы кеше кешкі уақытта дүниеге көз жұмды.

Бингөлде болса террор операциясында 3 террорист өлтірілді. Операцияда 1 ауылдық қарауылы да жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар