Премьер-министр Түрік полиция ұйымының 171-ші құрылу жылдығына қатысты

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу елдің әр сантиметрінің террордан тазаланатынын атап көрсетті.

464422
Премьер-министр Түрік полиция ұйымының 171-ші құрылу жылдығына қатысты

Түрік полиция ұйымының 171-ші құрылу жылдығы себепті Полиция академиясында ұйымдастырылған рәсімде сөз алған Давутоғлу бөлшектеуші террор ұйымына бағытталған операциялардың тұрақтылықпен жалғасқанын атап «Террорды бұл жерден соңғы сантиметріне дейін тазалауға Түркия Республикасы үкіметінің күші бар. Бұл күресте міндетті түрде жеңіске жетеміз» деді.

Диярбакырға өткен апта барғанын еске салған Давутоғлу «Бізді ешкім қорқыта алмайды. Мекемелік тәртіп үшін жолға шығып бұл елдің келешегі үшін полициямыз, әскеріміз түні күні сол жерде жанын ортаға қойып жатқанда, егер бір күн үшін жан таласқа түсіп мұндай бір зиярат жасамағанда, бұл отырған орынымыз біз үшін харам болар еді. Ешқандай ойланбай террор аймағына бардық. Не террор ұйымынан, не болмаса кезкелген бір қауіптен қорықпадық, қорықпаймыз» деді.

Террормен күресте тұрақтылықты кепілдікке алғысы келгендер бар екеніне назар аударған премьер-министр «Жейланпынарда полициямыздың шәйіт етілуі, Адыяманда әскеріміздің шәйіт болуы, Суручта азаматтарымыз бен шекарада бір әскеріміздің ДАИШ тарапынан шәйіт етілуінің артынан ашық және нақты түрде бір тапсырма бердім. 'Түркия Республикасы жерінен әр бір қала, әр бір аудан, әр бір тау, әр бір алқап қысқаша айтқанда әр бір сантиметр жеріміз террордан тазаланбайынша күресіміз жалғасады. Артқа қарай 1 қадам шегінуге болмайды' деп едім. Сол күні қаншама табанды болсақ, бүгін де тұрақтылығымыз бірдей қарқынмен жалғасады. Еш кім бұл тұрақтылықты кепілдікке алуға тырыспасын» деді.



Ұқсас жаңалықтар