Түркия мен Ресейдің өзара мүдделері бар

Нуман Куртулмуш «Ресей мен Түркияның өзара мүдделері бар» деді

460150
Түркия мен Ресейдің өзара мүдделері бар

Премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш Түркия мен Ресейдің көптеген салада ынтымақтастық жасаған екі ел екенін білдіріп, «Екі елдің өзара мүдделері бар» деді.

Нуман Куртулмуш премьер-министр Ахмет Давутоғлұ басшылығында өткізілген Министрлер Кеңесі жиналысынан кейін бір баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Бір орыс әскери делегациясының Түркияға зиярат жасайтынын еске салған Куртулмуш «Орыс ұшағының құлатылуынан кейін қарым-қатынастар нашар болды. Түрлі себептер арқылы қарым-қатынастардың жақсарылуы үшін тырысшаң көрсетілді. Ресей мен Түркия екі ел арасында өзара мүдделері бар.Ұзақ жылдан бері жан-жақты ынтымақтастық жасаған екі ел бір дағдарысты сылтау етіп қарым-қатынастарын бұза алмайды. Бұны бастап бері айтып келеміз. Кірбеңдікті ушықтырмау үшін қоламыздан келгенін істедік» деді.

Баршаға аян «Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» жұмыстары аясында 3 адамнан құралған орыс әскери делегациясы Түркияға келеді.



Ұқсас жаңалықтар