"Әйел жоқ жерде адам жоқ екенін ұмытпаңыздар"

Ердоған Халықаралық әйелдер күніне орай Hak-İş кәсіподағы тарапынан ұйымдастырған 5-ші Халықаралық әйел еңбегі кездесуінде сөз сөйледі.

446246
"Әйел жоқ жерде адам жоқ екенін ұмытпаңыздар"

Президент Режеп Тайып Ердоған әділет үшін, абырой мен құқықтары үшін күрескен әйелдердің жанында болатынын айтты.

Ердоған Халықаралық әйелдер күніне орай Hak-İş кәсіподағы тарапынан ұйымдастырған 5-ші Халықаралық әйел еңбегі кездесуінде сөз сөйледі.

Президент Ердоған тұрмыстың барлық саласында құламай тұра алатындарын, өндіре алатындарын, табысты бола алатындарын көрсеткен бүкіл әйел қауымына алғыс білдірді. «Сіздер, әйелдердің адам ретінде, жеке азаматтар ретінде осы елде өмір сүруіне болатынын көрсеткен бір-бір қаһармансыздар. Сонымен бірге сіздер әйелдердің тауарға айналмастан, тек жыныстық ерекшеліктері қолданылмай, өз жеке басымен, куәлігімен, нанымымен, құндылықтарымен өмірдегі лайықты орнын ала алатынына айғақ болдыңыздар» деді ол.

«Теңдік деген сылтаумен әйелді әртүрлі қанаған бір түсінікке алдымен әйелдер қарсы шығады» деген президент Ердоған: «Әділет ер демей, әйел демей, бала демей, қария демей баршаға қатысты мәселе. Әйел жоқ жерде адам жоқ екенін ұмытпаңыздар» деді.



Ұқсас жаңалықтар