Түркия өкілетті елшілермен ақпарат және құжаттарды бөліседі

Сыртқы істер министрлігі кеңесшісі Феридун Синирлиоғлу өкілетті елшілермен оңаша кездесуде.

435238
Түркия өкілетті елшілермен ақпарат және құжаттарды бөліседі

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 5 тұрақты мүшесінің Анкарадағы өкілетті және төтенше елшілері, Еуроодақ Түркия делегациясы төрағасы және Еуроодақ кезекті төрағасы Голландияның өкілетті елшісі Анкарадағы опасыз шабуыл жайлы ақпарат бөлісу мақсатты Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Сыртқы істер министрлігі мағлұмат беру үшін АҚШ өкілетті елшісі Джон Бас, Германия өкілетті елшісі Мартин Эрдман, Ресей өкілетті елшісі Андрей Геннадийевич Карлов, Ұлыбритания өкілетті елшісі Ричард Мур, Франция өкілетті елшісі Чарлс Фриэс, Қытай өкілетті елшісі Ю Хонг Янгь, Еуроодақ кезекті төрағасы Голландия өкілетті елшісі Корнелис Ван риж және Еуроодақ Түркия делегациясы төрағасы Хасжөрг Хаберді шақырды.

Министрлік кеңесшісі Феридун Синисрлиоғлу аталмыш өкілетті елшілермен оңаша кездесуін жалғастыруда.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Анкарадағы терактіге қатысты Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна тапсырма беретінін, 5+1 елдері мен одақтас елдердің өкілетті елшілерінің де Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, шабуылмен байланысты ақпарат және құжаттардың өздеріне жеткізілетінін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар