Шығыс пен оңтүстік шығыс аймақтар жаңадан салынады

Вице-премьер Нуман Куртулмуш террордан зардап шеккен аймақтардың депутаттарымен бас қосты.

426494
Шығыс пен оңтүстік шығыс аймақтар жаңадан салынады

Вице-премьер Нуман Куртулмуш Шығыс және Оңтүстік Шығыс аймақтарын қайта салу үшін материалды және рухани барлық қолдаудың берілетінін атап айтты.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлуның Шығыс пен Оңтүстік Шығыс аймағы депутаттарымен бас қосқан таңғы астың артынан вице-премьер Куртулмуш журналисттердің күн тәртібімен байланысты сұрақтарына жауап қайтарды.
Террормен күрес және реабилитация жобасымен байланысты мәліметтер берген Куртулмуш террормен күрестің экономикалық және әлеуметтік тұстарымен байланысты жоспардың премьер-министр тарапынан жұма күні Мардинде жарияланатынын атап айтты.
Террормен күрес кезінде аймақ халқының қиын шарттарда өмір сүргенін атап, кейбіреулерінің көшуге мәжбүр қалғанын атап айтқан Куртулмуш «Адамдардың үйлеріне зиян келді, өмір сүргендері орта, әлеуметтік тұрмыс жайлы маңызды шығындарға ұшырады. Барлық осыларды рухани тұрғыдан қалпына келтіру, оқу және әлеуметтік физикалық шарттарға қоса барлығын қайта салу күн тәртібіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар