Мұсылман әлемінде мәзхабтық бір соғыс бар ма?

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Таяу Шығыстағы қақтығыстар тақырыпты мақала жариялады.

425927
Мұсылман әлемінде мәзхабтық бір соғыс бар ма?

Мұсылман тұрғын саны көп аймақтардағы негізгі қақтығыстар мұсылман әлемінде жалғасқан жаппай бір мәзхабтық қақтығыс бар екені түсінігін пайда қылады. Мұнда шындық бар болса да, негізгі шындық мүлдем басқаша.

Сириядан, Ирактан Бахрейнге және Ливанға, сүннит және шиіт мұсылман қоғамдары соғыс, қоғамдық дағдарыстар, кедейлік, экономикалық теңсіздік, зұлым, жанамалы түрде соғыстар, қарулы топтар және осыған ұқсас нәрселерге қоса, көптеген мәселемен күресуде.

Әр мәселенің этникалық және мәзхабтық куәліктерімен байланысты кейбір қиыншылықтары бар. Бұл мәселенің арғы жағында куәлік саясаты жатады және жай әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді радикалдық жақтаушы қауесеттерге айналдырады. Ливандағы сүннит-шиіт дағдарысы мәзхаб куәлігіңдей күш пен бақылауды қамтамасыз ету үшін жүргізілген күреспен байланысты.

Сириядағы соғыс сүннит немесе шиіт Исламмен азғана байланысты. Әсіресе маңызды рол ойнайтындардың этникалық немесе мәзхабтық куәлігіне қарамастан бұл араб мемлекетінің келешегіне кімнің бағыт беретінімен байланысты.

Еуропада 16-шы және 17-ші ғасырларда католіктер мен протестанттар арасындағы діни соғыстар куәліктей күш және билікпен де байланысты болатын. Дәл соған ұқсас мұсылман әлеміндегі қазіргі мәзхаб дағдарыстары Исламда сүннит-шиіт бөлшектенушілігіне себеп болған тарихи оқиғалардан тыс көптеген себептен пайда болады. Кімнің Ислам пайғамбарының бірінші халифасы ретінде ізбасар болуға құқы болғаны сұрағы, әсіресе бұрынғы Ислам тарихіндегі сүннит-шиіт айырмашылығының бастамасы болып көрінеді. Сүнниттер пайғамбардың сахабаларының Әбу Бәкірді қоғамның ортақ көзқарасына сәйкес тұңғыш халифа ретінде сайланғанын алға тартады және бұл да пайғамбардың ізбасарлығының діни және саяси заңдылығын құрайды. Шиіттер болса Али ибн Аби Табидің пайғамбардың ізбасары ретінде сайлану керектігін алға тартады.

Көптеген маңызды сұраққа қоса, пайғамбардың халифасымен байланысты бұл келісімсіздік Исламның сүннит және шиіт тармақтарының жетілуінде рол ойнаған. Бірақ бұл екі мектеп Ислам нанымының және өркениетінің негізгі тақырыптарын бөліседі. Заңда, ғылымда, пәлсапада, көркемөнерде және сопылықта Алланың бірлігін және адамның ұлылығын алға тартады. Имам Жафери ал-Садықтан Имам Әбу Ханифеге дейін, Ибн-Синадан Насир ал-Дин ал Тубсиге дейін, Имам Газалиден Молла Садрға дейін сүннит және шиіт мектептерінің алдынғы қатарлы тұлғалары классикалық Ислам өркениетінің негізгі көзқарастарын ашық түрде түсіндірген. Бүгінгі мәселені бұл тарихи жүздесу мен бөлшектенудің орнына келісім мен одақтасу тұрғысынан пайымдайды.

Мұсылман ғалымдар мен зиялылардың Ислам тарихин қамтушы бір ұстаным жетілдіру және тарих пен замандам әлемнің қиыншылықтарымен бетпе-бет болған сүннит және шиіт мұсылмандарға жаңа бір бағыт беру үшін атқаруға тиісті аса маңызды рөлдері бар.

Бүгінгі мәзхаб қақтығысы ретінде аталғандардың арғы жағында куәлік саясаты мен ұлттық мемлекет мүдделері жатады. Барлық замандас ұлттық мемлекеттер сияқты мұсылман ұлттық мемлекеттердің көпшілігі жеке мүдделері бағытында қозғалады. Этникалық және мәзхаб куәлігін қолдануға тырысады. Ұлттық мемлекеттердің мүдделері мен куәлік саясатының қауіпті бірігуі қоғамдарда бөлшектенуге себеп болады. Бұл да керісінше жағдайда, жай ғана бір әлеуметтік-саяси ортадағы айырмашылықтарды шеше алады.Осында әсіресе көзге ілінбеген бір фактор бар. Соғыстар, табыссыз елдер мен әлсіз үкіметтер қоғамдардың этникалық және мәзхабтық құрылымдарына қарамастан олардың жоғары әлеуметтік және психологиялық шығынға ұшыратады. Дегенмен бұлар саяси жүйенің табыссыз әрекетін заңдастырып, мәзхабтық қақтығыстарға айналдырады. Сириядағы соғыстың Ирак пен Йемендегі әлсіз үкіметтің мұсылман әлеміндегі сүннит-шиіт дағдарысының ең маңызды көзі болуы кездейсоқ емес. ДАИШ сияқты қақтығысқа барған радикал топтар мен террор ұйымдары Сириядағы соғыстан, Йемендегі өлтіретін күрестен, Ирактағы әлсіз үкімет құрылымынан және Ауғанстан, Нигерия және Малидегі орталық күштің жоқтығынан пайдаланады.

Кейбір радикал көзқарастағы тұлғалар сүннит немесе шиіт Ислам атынан соғысқанына шынайылықпен сене алады. Негізінде де жоғары да атап көрсеткендей тарихи айырмашылықтарды мысал ретінде көрсетеді. Өздерінің радикал қимыл-әрекеттерін заңдастыру үшін басқа тараптың шабуылдаушы ұстанымын да мысал ретінде укелтіреді. Дегенмен көбінесе бұл соғыстар әлемде күш теңдігін орнату және ықпалды болу үшін жасалады. Сүннит және шиіт куәліктер ерте не кеш бір билік күресін заңды қылу үшін қолданылады.

Сүнниттер мен шиіттер арасындағы тарихи айырмашылықтар ортада және қабылдануға тиісті. Дегенмен 21-ші ғасырда жаңа соғыстар бастау үшін күрделендіруге қажет жоқ. Осы үшін екі жақты ұстаным керек.

Алдымен мұсылман ғалымдар, зиялылар, діни және қоғамдық басшылар ізбасарларына дұшпандық пен қақтығыстардың орнына бейбітшілік және келісім жолын көрсетуге тиісті. Ханафи құқық мектептерінің құрушысы Имам Әбу Ханифа (Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит - 699767, хижра бойынша80—150) және алтыншы шиіт имамы және Жафарийе құқық мектебінің құрушысы болған Имам Джафар Садиқтің (Имам Джафар бин Мухаммед хижра бойынша 83 жылы Мәдинада туған, 765 жылыдүниеге көз жұмған) ғылыми сұхбаттар жүргізіп бір-бірінен үйренгендей, бүгінгі мұсылман ғалымдар келісім және бірігуді қолдауы керек. Сүннит және шиіт басшылар ең үлкен жамандықтар мен апаттардың алдында тыныштыққа шақыру керек және барлық қақтығысқа итермелейтін радикал әрекеттерді айыптауға міндетті.

Екіншіден мұсылман мемлекеттердегі соғыстар, табыссыз елдер және әлсіз үкіметтер қақтығысты қамтитын радикализмнің адамдардың қайғыларынан пайдалануының алдын алу үшін қолға алулары керек. Осы үшін батыл саяси басшылық және ұста мемлекет қайраткерлігі қажет. Сирияда және Йеменде жалғасқан соғыстар, Ирак пен Ауғанстандағы үлкен қауіпсіздік мәселелері тұрақсыздық пен жоюдың көзі болуды жалғастырады. Сондай-ақ саяси оппортунистік көзқарас және радикал көзқарастағы топтар тарапынан мәзхаб дағдарысын қыздыру мақсатты қолданылады.

Әл-Байһақи (Әбу Бәкр Ахмад ибн әл-Хусәйн ибн Әли ибн Муса әл-Хорасани әл-Байһақи(994/384, Бәйһақ1066/458, Нишапур) Әзірет Мұхаммедке сілтеген мына бір сөзінде «Егер саған бір шағым түссе, Алланың кітабында жазған үкімді қабылда. Еш нәрсе сені Алланың кітабынан басқа бір нәрсемен үкім қабылдауға итермелемесін. Егер бір мәселе жайлы Алланың кітабында кезкелген бір үкім таппасаң, пайғамбардың сүндеті мен қимыл-әрекетіне қара және оған сәйкес үкім қабылда. Егер менің сүндетімде табылмаса, сахабаларымның айтқандарын тыңда. Сахабаларым аспандағы жұлдыздар сияқты. Қайсысын таңдасаң және қадағаласаң, ол саған бағыт береді. Сахабалардың айырмашылығы сен үшін таптырмас бір рақымшылық» деген екен. Соңғы сөйлемде «Үмбетім арасындағы айырмашылықтар рақымшылық болып табылады» деп те айтылады. Бұл сөздің жеткізілуімен байланысты пікір таласты бір жаққа тастасақ, мағынасы өте ашық және тікелей қазіргі мұсылмандар үшін айтылғандай. Айырмашылықтарымыздың құнын білу үшін баршамыз бұл сөздің мағынасына келісімсіздік және қақтығыстың орнына бір күш пен байлық көзі ретінде ес бұруымыз қажет.



Ұқсас жаңалықтар