Үкімет мәлімдемешісі ұшақ дағдарысы жайлы мәлімдеме жасады

Вице-премьер Түркия мен Ресей арасындағы мәселе одан әрі күрделенбей тұрғанда шешуді үміт еткендерін мәлімдеді.

398507
Үкімет мәлімдемешісі ұшақ дағдарысы жайлы мәлімдеме жасады

Вице-премьер Нуман Куртулмуш жеке меншік бір телеарнаға жасаған мәлімдемесінде Түркия маңызды және күрделі бір дағдарыспен бетпе-бет қалса, мұның шешілмейтін бір мәселе емес екенін атап көрсетті.
Куртулмуш «Ресей мен Түркия екі көрші ел, екі ортақ мемлекет, стратегиялық ортақтары бар мемлекеттерміз. Бұл дағдарыстың шешімі үшін қолдан келген әртүрлі шараны қолданамыз. Диалог есіктерін ашық тұтуға тырысамыз» деді.
Куртулмуш Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның 3-4 қараша күндері Бельградтағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық саммиті аясында бас қосып, дағдарыс кезеңінде екі ел арасындағы алғашқы кездесуді жүзеге асыратынын, Ресей қабылдаған экономикалық санкциялардан Түркияға зиян тимеу үшін егжей-тегжейлі жұмыстанғандарын атап көрсетті.
Түркия мен Ресей арасындағы жаңалықтардың екі ел арасында тікелей емес, Сириядағы дағдарыстың түрік-орыс ынтымақтастығына болымсыз әсері екенін айтқан Куртулмуш «Әрі екі ел арасындағы қызуды түсіріп келіссөз жолдарын ашық тұтуды, әрі тез арада бас қосып бұл мәселенің шешімі үшін келіссөздерді жүзеге асыруды үміт етеміз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар