Ресей ұшағы түрік әуе кеңістігін бұзды

Ердоған құлатылған ұшақпен байланысты жауап берді

355587
Ресей ұшағы түрік әуе кеңістігін бұзды

Президент Режеп Тайып Ердоғантүрік әуе кеңістігін бұзған орыс соғыс ұшағының құлатылуымен байланысты кешірім сұрайтын тараптың өзі емес, ережені бұзған қарсы жақ екенін айтты.
Ердоған CNN International теледидар каналында тілші Becky Anderson-ның сұрақтарына жауап берді.
5 минут ішінде 10 рет ескертудің жасалғанын және жауап алынбағаны дыбыс таспада да бар екенін түсіндірген Ердоған «Ескертулерге қарамастан түрік кеңістігі ішіне кіргені радардың анықтауында бар. Бұлар әлемге көрсетілді» деді.
Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық болуы себепті оқиғаның өзін қайғыртқанын баяндаған Ердоған көптеген елдің Ресейге шара қолданған кезеңде Түркияның әртүрлі азық-түлік мұқтажын жібергенін білдірді.
Ердоған Ресейдің Сирияда ДАИШ-пен күресуде болмағанын, керісінше байсалды оппозиционерлерді атқылағанын меңзеді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар