Үкімет қысқа уақыт ішінде құрылады

Давутоғлұ журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

420849
Үкімет қысқа уақыт ішінде құрылады

Премьер-министр Ахмет Двутоғлұүкіметтің қысқа уақыт ішінде құрылатынын айтты.
Ахмет Давутоғлұ Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде журналисттердің сұрақтарына жауап берді.
Президентпен бүгін кездесетінін білдірген премьер-министр үкімет құру жөнінде табиғи процестің жалғасатынын айтты.
Бір сұраққа орай Байырбужак түрікмен аймағындағы оқиғаларға да тоқталған премьер-министр кеше қатысты қауіпсіздік органдармен бір жиналыс өткізгенін білдірді.
Давутоғлұ «Бұл жерде бірнеше жағдай өте маңызды. Біріншісі Сирияның қауіпсіздігі. Сирия қауіпсіздігі тұрғысынан Түркияға қарата қауіп төнетін оқиға болатын болса, дереу килігу бұйрығын қауіпсіздік күштерімізге бердім» деді.
Премьер-министр Давутоғлұ Кобаниде болған оқиғалар барысында даусын шығарғандардың түрікмен тілге тиек болғанда үнсіз қалғандарын атап өтті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар