Президент саммитке келген делегация басшыларына қонақасы берді

Қонақасыға көптеген мемлекет және үкімет басшысы қатысты.

417150
Президент саммитке келген делегация басшыларына қонақасы берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Үлкен 20 саммиті үшін Анталияға келген қонақ делегация басшыларына кешкі қонақ асы берді.
Президент Ердоған баспасөзге жабық өткен қонақ асыға жұбайы Эмине Ердоғанмен қатысты.
Қонақасыға Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Пан Ги-Мун, Қытай мемлекет басшысы Ци Циньпинг, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Зимбабве мемлекет басшысы Роберт Мугабе, Сингапур премьер-министрі Ли Сяньлун, Мексика мемлекет басшысы Энрике Пенья Ньето, Жапония премьер-министрі Синдзо Абе, Әзірбайжан президенті Илхам Алиев, Оңтүстік Африка елбасы Джейкоб Зума, Малайзия премьер-министрі Неджип Резак, Сенегал елбасы Маки Салл, Индонезия елбасы Жоко Видодо, Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) Бас хатшысы Ангел Гурриа, Халықаралық жұмыс ұйымы (ILO) Бас директоры Гуй Ридер, Қаржылай тұрақтылық кеңесі төрағасы Марк Карней және Бүкіләлемдік Банк төрағасы Джим Йонг Ким қатысты.
Қонақасының артынан дәстүрлі түрік қол өнері ебру мен әйнек жұмыстары орын алған көрме ұйымдастырылды.
Басшылар қол өнері ұсталарымен бірге түрік қол өнері жасады.
Саммиттегі мәдени іс-шаралар арасында орын алған музыкалық кеш Париждегі шабуыл себепті бағдарламадан шығарылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар