Анталияда кибер қауіпсіздік шаралары

20 тобы саммиті үшін қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде жүріп жатыр.

365734
Анталияда кибер қауіпсіздік шаралары

Анталияда 15-16 қараша күні өтетін 20 тобы саммиті үшін қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде жүріп жатыр. Сонымен бірге кибер қауіпсіздік тақырыбында да төтенше шаралар қабылданды.


Саммиттің компьютерлік жүйелеріне бағытталатын кибер шабуылдарға қарсы «Кибер қауіпсіздік қалқаны» қалыптастырылды. Сонымен бірге үздіксіз жұмыс істейтін кибер қауіпсіздік топтары құрылды.


20 тобы саммиті үшін дайындалған даталар екі сатылы бақылау және өзара рұқсаттан кейін «арнайы пароль» қолдану арқылы жүйеге жүктеледі. Қауіпсіздік сатыларынан өтпеген ешбір дата жүйеге жүктелмейді.


Алынған барлық шараға қарамастан болуы мүмкін шабуыл жағдайында қосымша жүктелген жүйеге өтеді.


Басшылар қонатын қонақүйлер, жиналыс залдары және арнайы бөлмелерде «саңырау кабинет» жүйесі жүргізіледі. Сигнал жоятын «jammer» жиһаздары 24 сағат бойы жұмыс істейді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар