ЮНЕСКО конференциясында Түркия

Білім беру министрі Авджы мәлімдеме оқиды.

363663
ЮНЕСКО конференциясында Түркия

Ұлттық білім беру министрі Наби Авджы БҰҰ ЮНЕСКО конференциясында Түркияның атынан Ұлттық мәлімдемені оқиды.


Министр Авджы Францияның бас қаласы Парижде 3 қараша күні басталып, 18 қараша күніне дейін жалғасатын ЮНЕСКО -ның 38-ші конференциясына қатысады.


Апта бойы ұлттық мәлімдемелер түрінде өтетін конференцияға Түркия атынан министр Наби Авджы басшылығындағы делегация қатысуда.


Министр Авджы 6 қараша күнгі отырыста «Түркия Ұлттық мәлімдемесін» оқиды.


Авджы артынан Америка үкіметі дайындағы «Қақтығысқа апаратын асыра сілтеудің алдын алу үшін білімде ЮНЕСКО -ның ролі» атты конференцияға қатысады.


ЮНЕСКО бас директоры Ирина Боковамен де кездесетін министр бағдарламасы аясында Парижде қызмет ететін түрік мұғалімдермен де бас қосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар