Отандық соғыс ұшағының концепциясы белгіленді
Отандық автокөліктің артынан отандық соғыс ұшағының концепциясы белгіленді.
Екі жыл бұрын үш бөлек концепция үстіндегі жұмыстарын жалғастырған TAI мен Әуе күштері қолбасшылығы одан ұзақ қашықтық пен одан көп қару салмағымен ұшуы тұрғысынан екі моторлы ұшақты таңдады.
FX-1 соғыс ұшағы үшін 2013 пен 2023 жылдары арасында жүйені жетілдіру жұмыстары аяқталады. Аталмыш жылдар арасында концепция нақтыланып, 2023 жылға дейін технологиясы жетілдіріледі. Ұшақтың 2023 жылы тұңғыш рет Түркия көк аспанында ұшуы жоспарланады.
TAI-дің жетілдіру сатыларына қарағанда FX-1 тұңғыш рет ұшқан соң екі жылдық кезеңде яғни 2025 жылға дейін сынақтары аяқталады.
Ұшақтың осы мерзім ішінде маневр қабілетіне және сол күнгі зымыран, нысана дәлдеу және радар жүйелеріне сәйкес жабдықталуы жасалады.
Ұшақтың радар мен қару дәлдеу жүйесінің де отандық өндірілуі жоспарлануда.
Отандық соғыс ұшағының сынақ кезеңінен өтуінің артынан 2025 пен 2035 жылдары арасында өндірісі жоспарланады.
10 жылдық кезең TAI-дің жоспарында өндіріс пен инвентаризациялау ретінде жоспарланды. Зауыттық өндірісіне өткен ұшақтың кейінгі жылдары 30 жылдық бір кезеңде қозғалыс пен қолдау тұрғысынан күшейтілуі күтіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Чавушоғлу телефон дипломатиясын жалғастырды
Министр Чавушоғлу финдік және нигерлік әріптестерімен телефонда сөйлесті.

Түркияда бір тәулікте 288 кісі қайтыс болды
Коронавирурстан жазылып кеткендердің саны 3 миллион 643 мың 734 кісіге жетті.