"Баршаның арманы Әділет және даму партиясын әлсірету"

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу 1 қараша сайлауына қатысушы санының жоғары болатынын атап айтты.

400028
"Баршаның арманы Әділет және даму партиясын әлсірету"

Әділет және даму партиясы төрағасы және премьер-министр Ахмет Давутоғлу бір телеарнаның қонағы болып, күн тәртібімен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.
Давутоғлу көп адам қатысқан митингтердің халықтың сандыққа бару ынтасын көрсеткенін атап айтты.
Премьер-министр Давутоғлу халықта мазасыздық туғызып, Әділет және даму партиясы митингіне ауған назардың басқа жаққа ауытқуы нысанаға алынғанын білдірді.
Давутоғлу «Баршаның ортақ тағдыры түсінігімен қозғалатын бір кезең. Саяси қарсыласпыз, дегенмен дұшпан емеспіз. Саяси қарсыласпыз бірақ елдің тұрақтылығы, тыныштығы баршаға қажет» деді.
Премьер-министр Давутоғлу шешім үдерісін ең қатал түрде сынға алған параллелді құрылымның қазір Халықдардың демократия партиясымен (ХДП) бірге қозғалғанын атап көрсетті.
Премьер-министр «Анатолыда, Шанлыурфада, Кайсериде әр жерде ‘ХДП-ге дауыс беріңдер’ деген іс-шаралар қолданады. Бұл ақылға қонатын нәрсе ме екен? Мұндай бір жағдаймен бетпе-бет тұрмыз. Кейбір саяси партиялар, террорлық орта, параллелді құрылым не айтсаңыз айтыңыз, Түркия үшін не қалағандарын айта алмайды. Нені қаламағандарын айтып жүр. Баршаның арманы  Әділет және даму партиясын әлсірету» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар