Францияда түрік лицейі ашылды

Келесі жылы лицейдің жанынан жатақхана ашылатындықтан, қала тысынан да оқушы қабылданады.

388366
Францияда түрік лицейі ашылды

Франциядағы тұңғыш түрік лицейі Юнус Эмре лицейі Страсбург қаласында білім бере бастады.


350 оқушы үшін дайындалған лицей биыл қабылданған түрік, марокколық және тунистік 22 оқушыға білім береді.


Келесі жылы лицейдің жанынан жатақхана ашылатындықтан, қала тысынан да оқушы қабылданады.


Мектепте Францияның жалпы лицей бағдарламасы оқытылады. Бірақ факультативті түрде дін сабақтары, түрік тілі мен араб тілдері беріледі.


Лицейде сонымен бірге көркем жазу, эбру, тезхип өнер шеберханалары мен түрік музыкасы клубтары да ашылады.


Юнус Эмре лицейінің оқытушыларының көбі түрік. Бұл мектеп Франциядағы үшінші мұсылман лицейі болып табылады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар