Түркияның отандық жойғыш кемесі өз қызметін бастады

Кеменің теңізде жүзу рәсіміне президент Режеп Тайып Ердоған қатысты.

387214
Түркияның отандық жойғыш кемесі өз қызметін бастады

Стамбұл Тузладағы рәсімге қатысқан президент Режеп Тайып Ердоған қорғаныс өнеркәсібінде күн өткен сайын шетелге бағыныштылықтың азайғанын атап айтты.
Президент Ердоған террор оқиғаларындағы артудың қорғаныс саласына салынған инвестиция тақырыбында қаншалықты орынды екенін көрсеткенін де атап көрсетті.
Ердоған «Шілде айынан бері қайтадан артқан террор шабуылдары аймағымыздағы жаңалықтар мен одан көп көрсеткіш біздің бұл жұмыстарымызды жылдамдатуға дайындықтарымызды аяқтауды талап етеді» деді.
Байрактардың операциялық жүйесі мен дизайны толығымен ұлттық резервтермен жүзеге асырылды.
Құрылыс жұмыстары кезінде отандық өнеркәсіптің үлесі 70 пайызды құрайды.
Тек қана айналадағы теңіздер емес, мұхиттарда да қызмет атқаратын Байрактар қажет жағдайда табиғи апаттар кезінде де құтқару мақсатты қызмет атқарады.
Ядролық, биологиялық және химиялық шабуылдар тұрғысынан толық қорғанысы бар Байрактар кемесі өз электр қуатын өзі өндіреді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар