Түрік Қарулы күштерінен хабарлама

Дағлыжада болған опасыз шабуылда 16 әскердің шәйіт болғанын хабарлады.

375959
Түрік Қарулы күштерінен хабарлама

 

Түрік Қарулы күштері Дағлыжада болған опасыз шабуылда 16 әскердің шәйіт болғанын хабарлады.


Түрік Қарулы күштерінің интернет парақшасында жарияланған хабарламада «16 қарулас жолдасымыз шәйіт болды, 6 әскер жараланды» деп айтылды.


Хабарламада шабуылдан кейін аймақта басталған операцияның құрлықта және әуеден жалғастырылғаны атап көрсетілді.


Бөлшектеуші террор ұйымы қолданған 23 нысан бомбаланды. Үш дана Ғ-4 және төрт дана Ғ-10 әскери ұшақтары аймақты бомбалауда.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар