240 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Террористтердің көбі түрік ұшақтарының операциясын мүмкіндік деп білді.

240 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

240 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.


24 шілде күніне бері PKK террор ұйымына мүше 240 адам берілді.


Бұлардың 180-і Түрік қарулы күштерінің әуе шабуылынан кейін Кандил және төңірегіндегі лагерлерден қашты.


60 адам болса Ирактың солтүстігінен келгендер.


22 шілде күнінен бері Қауіпсіздік күштерінің операцияларында болса 812 террорист ықпалсыз жағдайға келтірілді.


Берілген террористтер болса Түркияда әскерлердің оларды күткеннен жақсы қарсы алғанын айтып, жолдастарының да берілуін сұрады.


Олардың айтуынша террор ұйымы қашуды ойлаған террористтерді атып өлтіреді. Түрік әскери ұшақтарының террорист лагерлерін бомбалауын мүмкіндік деп білген көптеген террорист ұйымнан қашты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар