Чанкаяда арнайы қауіпсіздік жиналысы өтті

Давутоғлұ Чанкая Сарайында «Арнайы қауіпсіздік жиналысын» өткізді.

Чанкаяда арнайы қауіпсіздік жиналысы өтті

Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ Чанкая Сарайында «Арнайы қауіпсіздік жиналысын» өткізді.
Жиналыста соңғы күндерде Түркияға бағытталған ДАИШ және ПКК террор ұйымдары тарапынан ұйымдастырылған шабуылдар қолға алынды.
Жиналыстан кейін жасалған жазбаша мәлімдемеде көптеген жай халықтың өлуіне және қауіпсіздік қызметкерлерінің шәйт болуына себеп болған шабуылдарға қарсы алдын алу шаралардың талқыға салынғаны білдірілді.
Мәлімдемеде мемлекеттік тәртіп мен ұлттық қауіпсіздіктің қорғалуы үшін әртүрлі шаралардың мұқиятты түрде жалғасты атқарылуы және басқа да қажетті алдын алу шаралардың атқарылуына шешім жасалғаны баяндалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар