Адыяманда террористтер түрік әскерін шәйіт етті

Адыяманда бөлшектеуші террор ұйымы мүшелерінің шабуылы нәтижесінде 1 әскер шәйіт болды, екі әскер жарақат алды.

Адыяманда террористтер түрік әскерін шәйіт етті

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Жандармерия бөлімшесіне хабарлау түсіп, Адыяман қаласына қарасты Доғанлы және Чаталағач аймағында операция бастады.
Террористтер кеше сағат 10.30-да операция жасаған әскерлерге шабуылдады. Алғашқы қақтығыстың артынан аймаққа қосымша жасақтар жіберілді.
Террористтер сағат 15.20-да әскерлерге ұзақ атымды қарулармен екінші рет шабуылдады.
Шабуылдың артынан 1 әскер шәйіт болды, екі әскер жеңіл жарақат алды.
Қақтығыстың артынан аймаққа барлау ұшағы жіберілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар