Эгей теңізінде келімсек операциясы
Заңсыз жолдармен Грекияға баруға әрекет жасаған 101 келімсек ұсталды.
Чанаккаленің Айважык ауданы маңында заңсыз жолдармен Грекияның Мидилли (Лесбос) аралына баруға тырысқан 101 келімсек ұсталды.
Теңіз күзету топтары келімсектердің топтық күйде Айважык жағалауынан қайықпен Эгей теңізіне жолға шыққаны жайлы хабарлау түскен соң операция бастады.
Аймаққа барған топтар Кадырга мұрыны мен Бадемли ауылы маңында қайықтарды тоқтатты.
Қайықтардағы Ауғанстан, Пәкістан және Сирия азаматы 101 заңсыз келімсек Күчүккуйу ауданына әкелінді.
Аталмыш келімсектер тексеруден өткен соң шекарадан кері қайтару үшін Айваджык полиция орталығына апарылды.
Ұқсас жаңалықтар

Акар Мангумен кездесті
Хулуси Акар Экваторлық Гвинея президентінің орынбасары Теодоро Нгема Обианг Мангумен бас қосты.

Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды
Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу іс-сапарымен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды.