Израиль түрік делегациясын депорт етті

7 адам Түркияға оралды.

Израиль түрік делегациясын депорт етті

«Садакаташы» атты қоғамымен бірге Иерусалимге барған, артынан әуежайында тергелгеннен кейін депорт етілген 7 адам Түркияға оралды. Бұлардың екеуі журналист.


Түрік делегациясындағы ТРТ тілшісі Хүсейін Гүнай мен оператор Өзден Айваздың Израильге кіруіне рұқсат берілді.


Журналист Халиме Көкче, Үлке ТВ бас редакторы Хасан Өзтүрік, Кәсіподақ төрағасының орынбасары Левент Услу, «Садакаташы» қоғамының төрағасы Кемал Өздал және қоғам өкілдері Стамбулға оралды.


«Садакаташы» қоғамының төрағасы Кемал Өздал биыл төртіншісі болатын Месджиди Акса ауызашарлары үшін Израиль арқылы Палестинаға баруды жоспарлағандарын, алайда Израильде қамауға алынып, тергелгендерін айтты.


Өздал ешбір себепсіз жеті адамның депорт етілгенін және 10 жылдығына Иерусалимге, Палестинаға кірулеріне тыйым салынғанын білдірді.


Үлке ТВ бас редакторы Хасан Өзтүрік болса «2 ай бұрын мені қабылдаған ел бұл жолы қабылдамады. Ешбір себеп көрсетілмеді. Журналист екенім белгілі. Израиль анти демократ бір ел» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар