Мемлекет басшылары көңіл айтуда

Түрік ұлты қайғылы.

307144
Мемлекет басшылары көңіл айтуда

Түркияның 9-шы президенті Сүлейман Демирелдің артынан мемлекет басшылары көңіл айтуда.


Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Джемил Чичек «Барша үлгі алатын өнеге. Үлкен шығын» деді.


Премьер-министр Ахмет Давутоғлу да әлеуметтік желі арқылы көңіл айтты. «Өзіндік сөйлеу манерасы және саяси өмірінде елімізге қызметі мәңгі есте сақталатын саясат қайраткері» деді ол.


Давутоғлу Сүлейман Демирелдің жақындарына және түрік ұлтына көңіл айтты.


Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса Демирелдің жанұясына көңіл айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар