НАТО Сыртқы істер министрлері Анталияда

Жиналыста Украина дағдарысы мен Ауғанстан тақырыбы қолға алынады.

272982
НАТО Сыртқы істер министрлері Анталияда

НАТО-ға мүше 28 елдің сыртқы істер министрлері мен 17 елдің өкілі Анталияда бас қосты.


Анталияның Белек ауданында басталған жиналысты Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоғлу ашты. Давутоғлу халықаралық қоғамды Сириядағы оқиғаларға көрермен болып қалғаны үшін сынады, дағдарыстың шешілуінде ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.


«Украина дағдарысы бізге Еуропадағы қауіпсіздіктің қаншалықты әлсіз екенін көрсетті» деген премьер-министр Қырымың аннексиясының қабылданбайтынын атап көрсетті.


Түрік премьер-министрдің айтуынша, ИШИМ террорымен де бірігіп күресу керек. Премьер-министр: «ИШИМ-нің бақылауындағы жерлерге шекаралас жалғыз ел – Түркия. Сондықтан Түркияға қауіп төнуде. Халықаралық қоғам осы террор ұйымымен күресте ынтымақтасуы керек» деді.


Ахмет Давутоғлу артынан Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Джон Керриді қабылдады.


Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, кеңесші Феридун Синирлиоғлу және АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті елшісі Джон Босс та қатысқан кездесуде екі жақты байланыстар мен НАТО шеңберіндегі ынтымақтастықтар қолға алынды.


Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі де Сирия дағдарысы мен АҚШ және Түркия арасындағы келісім болды.
Давутоғлу артынан НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бас қосты.


Осы арада НАТО бас хатшысы Столтенберг пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Керри жиналыста қаралатын тақырыптар туралы мәлімет берді.


Украина дағдарысы және Ауғанстандағы миссия тақырыптарының қолға алынатынын айтқан Столтенберг ИШИМ террор ұйымымен күресті атап көрсетті.


Керри болса «Ресей жақтастары мен Путинге бір үстелде бас қостырамыз» деді.


Түркия НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысына 1960, 1980 және 1984 жылдан кейін төртінші мәрте мекен болып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар