Түркия Республикасының 7-ші президенті Кенан Эврен қайтыс болды

Гата ауруханасында ем қабылдап жатқан Эврен 98 жаста дүниеге көз жұмды.

268957
Түркия Республикасының 7-ші президенті Кенан Эврен қайтыс болды

ГАТА ауруханасында қартаюға байланысты көптік орган жеткіліксіздігі себепті денсаулығы нашарлаған және реанимацияда аппараттарға байлаулы жатқан Эврен кеше кешкі уақытта қайтыс болды.
1978 жылы Бас Штаб төрағасыКенан Эврен қызметі басында Түрік қарулы күштерімен 1980 жылы 12 қыркүйек күні төңкеріс жасап билікке келген болатын.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) және сайланған үкімет отставкаға кетіп, атазаңы уақытша күшін жойды.
Заң шығару және басқару жауапкершілігін қолдану үшін Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі құрылды.
Генерал-лейтенант Эврен Бас Штаб Басқармасы, Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі төрағалығы және президенттік міндетті мойындады.
1982 жылы 7 қараша күні өткен референдуммен жаңа атазаңы қабылданды.
1982 Атазаңының 1-ші уақытша бабына сәйкес Кенан Эврен президенттікке сайланды.
Міндет мерзімін 1989 жылы аяқтаған Эврен міндетін Тургут Өзалға тапсырды.
Кенан Эвренге қарсы шағымдар себепті 2011 жылы 8 сәуір күні Анкарадағы Республикалық прокуратура тергеу бастады.
2012 жылы 4 сәуір күні сот процесі басталды.
2014 жылы 18 маусым күні Анкара 10-шы ауыры жаза сотында сот ісі қаралған Эврен жайлы 1980 жылы 12 қыркүйек күні сол кездегі премьер-министр Сүлейман Демирелге меморандум жасау, Түркия Республикасы Атазаңы мен ТҰҰМ-нің күшін жою және қызмет етуіне кедергі жасау айыптарынан өмір бойы бас бостандығынан айыруға және генерал-лейтенант атағын қайтарып алуға шешім қабылданды.
Аппеляция сотына жіберілген сот шешімі қаралып жатқан Кенан Эврен 98 жаста дүниеге көз жұмды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар