Халықаралық ТРТ деректі фильм күндері басталды

ТРТ деректі фильм сыйлықтарына биыл 42 елден 348 деректі фильм келіп түсті.

266724
Халықаралық ТРТ деректі фильм күндері басталды

Халықаралық ТРТ деректі фильм күндері басталды.


Стамбулда басталған 7-ші Халықаралық ТРТ деректі фильм сыйлықтарына биыл 42 елден 348 деректі фильм келіп түсті.


Шара аясында ақтық сайысқа қалған фильмдермен қоса әлемнің түрлі өңірлерінен келген сапалы деректі фильмдер халыққа тегін көрсетіледі.


Деректі фильм күндері биыл Харбиедегі ТРТ Стамбул радиосы мен «Notre Dame De Sion» француз лицейі залдарында және Стамбул Модерн өнер мұражайында өтуде.
Деректі фильм күндері Патрисио Энриктің ұйғырлар туралы фильмімен басталды.


Фильм Қытайдан қашқан үш ұйғыр азаматының Ауғанстаннан Гуантанамоға, ол жерден де Бермудаға дейінгі сапарын баяндайды.


ТРТ деректі фильм сыйлықтары жарысы тысында көрсетілетін фильмдер биыл соғыс тақырыбында. «Соғыс Панорама» деп аталған осы бөлімдегі фильмдер соғыстар мен шайқастар жол ашқан проблемаларды арқау қылады.


6 елден барлығы 10 деректі фильм көрсетілетін «Соғыс Панорама» қойылымдарын және режиссерлермен сұхбаттарды 8-9-10 мамыр күндері Стамбул Модерн өнер мұражайында көруге болады.


Осы тақырыпта сондай-ақ Стамбул Радио үйінде бір панел өткізіледі.


Қорытынды марапат кеші болса 11 мамыр күні ТРТ Тепебашы студияларында болады.


ТРТ деректі фильм сыйлықтары мен деректі фильм күндерінің бағдарламасы мен басқа да мәліметтерді
www.trtbelgesel.com адресінен таба аласыздар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар