СКТР президенті Анкарада

Акынджы премьер-министрмен кездесті.

264224
СКТР президенті Анкарада

СКТР президенті Мұстафа Акынджы міндетіне бастағалы алғашқы ресми сапарын Анкараға ұйымдастырды.


Анкарада Акынджы алдымен премьер-министр Давутоғлумен бас қосты.


Чанкая сарайындағы кездесуден кейін СКТР президенті Анытқабірге барды.


Акынджы осында арнайы дәптерге қолтаңба қалдырды және дәптерге «Ататүрік принциптерін бірінші күннен бастап қабылдаған бір халықтың президенті ретінде құзырыңызда құрметпен иілемін» деп жазды.


Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу СКТР президентінің құрметіне түскі қонағасы берді.


Президент Режеп Тайып Ердоған болса Акынджыны кешке қабылдайды.


Президенттік сарайдағы оңаша кездесуден кейін делегация аралық кездесу өткізіледі. Артынан екі басшы баспасөз өкілдерінің алдына шығады.


Президенттік сарайда Акынджының құрметіне кешке қонағасы беріледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар