«Папаның сөздері Түркия және түрік ұлты үшін жоқ деп есептеледі»

Папа Францисктің 1915 жылғы оқиғаларға байланысты сөздері Анкарада наразылыққа жол ашты.

234475
«Папаның сөздері Түркия және түрік ұлты үшін жоқ деп есептеледі»

«Папаның сөздері Түркия және түрік ұлты үшін жоқ деп есептеледі»


Папа Францисктің 1915 жылғы оқиғаларға байланысты армяндардың бірақ жақты көзқарасын қайталаған сөздері Анкарада наразылыққа жол ашты.


Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Папаның сөздерін: «Өте орынсыз, қайшы және қате» деп атады.


Давутоғлу дін басшыларының бірінші міндетінің адамдарды бірлікке және бейбітшілікке шақыру екенін атап көрсетіп, «Сырттан келген факторлар болмағанда, 1915 жылғы қайғылы оқиғалар болмас еді» деді.


Осы арада Сыртқы істер министрлігіне шақырылған Ватиканның Анкарадағы өкілетті елшісі Антонио Луцибеллоға Түркияның көзқарастары жеткізілді.


Сыртқы істер министрлігі болса Папаның сөздерінің Түркия мен түрік ұлты үшін жоқ деп есептелетінін білдірді.


Хабарламада Папаның қайғы-қасірет арасында жікшілдік жасағаны айтылып, Босния және Руандада халықаралық соттар тарапынан қырғын жасалғаны анықталған оқиғалар «топтық қырғын» деп айтылса, 1915 жылғы оқиғалар жөнінде ешбір сот үкімі жоқтығы еске салынды.


Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да «Папаның тарихи және құқықтық жағынан дәйексіз сөздері қабылданбайды. Діни орындар дәйексіз айыптаулармен жек көрушілікті арандату орны емес» деді.
Түркияның Ватикандағы өкілетті елшісі Мехмет Пачаджы Папа Францисктің сөздерінен кейін елге шақырылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар