Ердоған "туу, жасау мүлік және тұрғын үй" қолдау пакетін бекітті

Пакеттен пайдалану үшін түрік азаматты болу шарт.

229335
Ердоған "туу, жасау мүлік және тұрғын үй" қолдау пакетін бекітті

Ердоған "туу, жасау мүлік және тұрғын үй" жәрдемін қамтыған «пакет» заң жобасын бекітті.
Осыған қарағанда бірінші бала үшін 300, екінші бала үшін 400, үшінші және кейінгілер үшін 600 түрік лирасы туу жәрдемі жасайды.
Жәрдем түрік азаматы ата немесе анаға не болмаса әр екеуінің де түрік азаматтығы болса тек қана анаға жасалады.
Туу жәрдемі ешбір салық пен қысқартуға ұшырамай төленетін болады және секвестрден тыс қалады.
Банктерде жергілікті валютамен жасау мүлік шоты ашқандарға мемлекеттік қолдау төленеді.
Осы үшін кем дегенде 3 жыл бойы жүйеде тұру, 27 жастан аспай тұрғанда алғашқы тұрмысын құру және тұрмыс құра салып, тиісті банкте шот ашу шарты талап етіледі.
Мемлекеттік қолдау ақшасын төленуі есеп шотта жиналған барлық ақшаның 20 пайызынан және кем дегенде 5 мың түрік лирасынан аспайды.
Түрік лирасымен тұрғын үй есеп шоты ашқандарға болса кем дегенде 3 жыл бойы жүйеде тұру шартымен алғашқы және жалғыз тұрғын үй сатып алу үшін мемлекеттік көмек көрсетіледі.
Тұрғын үй қолдауында жоғары лимит болса есепте жиналған ақшаның 20 пайызы шақты және 15 мың лира болады.
Түркиядағы халықаралық мекеме мен бұлардың Түркия Республикасы азаматы болмаған басшыларынан мүлік өткізгенде және берген қызметтері үшін қосымша құн салығы ұсталмайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар