Йеменнен 185 түрік азаматы тағы эвакуацияланды

Министр Чавушоғлу араларында шетелдіктер де бар 230 адамның бүгін Йеменнен эвакуацияланғанын мәлімдеді.

226484
Йеменнен 185 түрік азаматы тағы эвакуацияланды

Қарқынды қақтығыстар жалғасқан Йеменнен 185 түрік азаматы тағы эвакуацияланды.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу астана Санадан араларында шетелдіктер де бар 230 адамның эвакуацияланғанын атап көрсетті.
Мевлүт Чавушоғлу твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде алдымен Адендегі 55 азаматтың табысты түрде эвакуацияланғанын еске салып, тек қана түрік азаматтары емес, өздерінен көмек сұраған басқа елдердің азаматтарының да эвакуацияланғанын жазды.
Чавушоғлу «Түркия Республикасы осылайша күші мен абыройына жарасымды тағы бір операцияны табысты түрде жүзеге асырды» деді.
Президент Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Ахмет Давутоғлуның операцияны жақыннан қадағалағанын және тиісті тапсырмаларды бергендерін атап көрсеткен Чавушоғлу барлық органдар мен мекемелерге пидақорлықтары үшін алғыс айтты.
Йеменде жалғасқан ішкі қақтығыстар себепті осы елден эвакуацияланған 185 түрік азаматы Түрік әуе жолдарының ұшағымен жергілікті сағатпен 12:40-та жіберілді.
Аден шығанағынан Түрік теңіз күштеріне тиесілі TCG Бүйүкада корветімен эвакуацияланған соң кеше Джибутиден ұшқан 55 түрік азаматы Стамбұлға жеткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар