Халықаралық Жарық-2015 оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Мақсат – бірігіп қозғалу қабілетін арттыру.

220028
Халықаралық Жарық-2015 оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Түркияда Халықаралық Жарық-2015 оқу-жаттығуы өтіп жатыр.


Мақсат – бірігіп қозғалу қабілетін арттыру, іздеу-құтқару, нысаналау және уақытқа сүйенетін нысана міндеттерін түрлі шарттарда орындау, мәлімет пен тәжірибе бөлісу.


Әскери оқу-жаттығуға Әзірбайжан, Америка Құрама Штаттары, Испания, Венгрия және Румыния сынды елдермен қоса Солтүстік Кипр Түрік Республикасы да қатысуда.


Жаттығуға Түркияның Құрлық және Әуе күштері мен Жандармерия қолбасшылығы, Арнайы күштер қолбасшылығынан барлығы екі дана шабуыл тікұшағы, екі дана «blackhawk», үш дана жалпы мақсатқа арналған тікұшақ, алты дана соғыс ұшағы, бір жүк ұшағы, түрлі арнайы жасақтары қосылды.


Әскери оқу-жаттығу 10 сәуір күні аяқталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар